Спорт
1 мин оқу 320
Азия ойындары: Байдарка және каноэ есуден финалға 3 жолдама бар
<p style="text-align: justify;">Азия ойындарында Қазақстан спортшылары байдарка мен каноэ есуден финалға үш жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орынмен финалға шықты.
Анастасия Березовская 500 метр қашықтыққа байдаркада есуден 2:06.783 уақыт есебінде 2-орын алып, финалға өтті.
Байдаркада есуден ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы (Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла) 500 метр қашықтықта 1:28.922 уақыт көрсеткішімен 3-орын алып, финалға жолдама алды.
Финал 3 қазанда өтеді.
Бөлісу: