Саясат
1 мин оқу 180

Инвестициялық жобаларды іске асыру

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығы&shy;мен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөнін&shy;дегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.</p>

Инвестициялық жобаларды іске асыру

Қатысушылар рес­пуб­ликаның көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүм­кіндік беретін жалпы ұзын­дығы 270 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» те­мір­­жолының құрылысын, сон­дай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқылады. Оны жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әр­та­раптандырылған орта­лықты «G4 City» жобасын іске асыру аясында ашу жос­пар­ланып отыр.

Сонымен қатар отырыста «Қашаған» кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Инвестициялық жобаларды іске асыру · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар