Қоғам
2 мин оқу 151

Ардагерлердің абыройлы парызы

<p style="text-align: justify;">Абай облысының аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың &laquo;Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары&raquo; атты Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. Өңірге келген Мәжіліс депутаты, республикалық &laquo;Ардагерлер ұйымы&raquo; қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов аймақ басшылары және ардагерлермен арнайы кездесті.</p>

Ардагерлердің абыройлы парызы

Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ұранхаев аймақтағы түйткілді мәселелерді оң шешуде Жолдаудан туындайтын міндеттер мен осы бағытта ат­қа­рылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде Б.Ізмұ­хам­­­бетов өткен жылы Пре­зи­дент Жарлығымен үш облыста ардагерлер ұйымының филиалдары құрылып, Қонаев және Жезқазған қалаларында арнайы ардагерлер орталығы ашылғанын атап өтті. Жиын­да депутат осындай орта­лық­тың Семей қаласынан ашы­луына жағдай жасап, ардагерлерге ғимарат бөліп, көмек көрсеткені үшін облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

Сапар барысында Б.Ізмұ­хам­­бетов ақын Абай, Шәкә­рім, Мұхтар ескерткіш­те­рі­не барып, қаланың тарихи-мәдени орындарын аралады. Облыстық ардагерлер ке­ңесі орталығының ашылу сал­та­натына қатысқан депутат Абай елі­нің ардагерлерімен де жүз­дес­ті.

«Алдымен сіздерді қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуе­зов сияқты біртуар пер­зент­­терді сыйлаған ұлылар мекенінің бұрынғы мәртебесін қайтарып, Абай облысы болып қайта құрылуымен құттық­тай­мын. Бұл мекен – талай Алаш арыстарының ізі қалған қастерлі өңір. Мемлекет тара­пынан ардагерлерге бар­лық жағдай жасалып жатыр. Пре­­зидент биылғы Жолда­у­ын­да әлемде геосаяси ахуал ушы­ғып тұрғанын, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзге­ріс­тер дәуірі бас­талғанын айтты. Елдік іс­тер­де аға буынға түсер жүк сал­мақты. Ар­да­герлеріміз ел тыныш­ты­ғы, ын­тымағы жо­лында, Мем­лекет басшы­сы­ның бастамала­рын қолдауда қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып келеді. Интернет дамыған қазіргі уақытта түрлі теріс пиғылдағы ағымдар көбе­йіп кетті. Осы жағынан сақ бо­­лып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетуіміз керек»,  деді ардагерлер орталығының ашылуын­­да сөз сөйлеген Б.Ізмұхамбетов.

Депутат ардагерлердің ара­ла­суын қажет ететін мәселе­лер­дің көп екенін, қоғамда болып жатқан өзгерістерді елге дұрыс жеткізудің маңыз­ды­лығын да атап өтті. Сөз со­ңында Мәжіліс депутаты арда­гер­лерді Қарттар күнімен құттықтап, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген ардагерлерге ардагерлер ұйымының «Құрметті ардагер» төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын тапсырып, жұ­мыс­­та­рына сәттілік тіледі. 

Бөлісу:
Ардагерлердің абыройлы парызы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар