Хоккей
1 мин оқу 180

Бір айда төрт мәрте жеңілді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың &laquo;Барысы&raquo; Но&shy;восібірдің &laquo;Сибирь&raquo; командасымен бір айда төрт мәрте кездесіп, төр&shy;&shy;теуінде де қарсыластарына есе жіберді.</p>

Бір айда төрт мәрте жеңілді

«Барыс» пен «Сибирь» биылғы тұрақты біріншіліктегі бірінші ойынын 4 қыркүйекте елордада өткізіп, қонақтар овертаймда 5:4 есебімен жеңіске жетсе, араға үш күн салып Новосбірдегі матчта айдын иелері тағы да «Барысқа» овертаймда опық жегізді – 1:0. 23 қыркүйекте екі ұжым мұзайдында үшінші мәрте кездесіп, бұл жолы да жерлестеріміз «Сибирь» клубының осал тұсын таба алмады – 4:2. Ал күні кеше командалар қыр­күйек айында төртінші ойынын өткізіп, Андрей Скабелка шәкірттері тағы да өз жанкүйерлерін жеңіспен қуанта алмады.

Елордадағы «Барыс Арена» спорт ке­шенінде өткен бәсекені қонақтар белсенді бастап, кездесудің небәрі бірінші минутында-ақ ойынның есебін ашса, үзілістен кейін де «Сибирь» хоккейшілері жерлестерімізге қарағанда белсенді ойнап, екінші кезең аяқталар тұста таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда Рудольф Червены есеп айырмасын қысқартқанымен, жеңісті жұлып алуға «Барыс» ойыншыларына уақыт жетпей қалды – 2:1.

Бөлісу:
Бір айда төрт мәрте жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар