Аймақтар
1 мин оқу 293

«Киіз Fest» айшықтары

<p style="text-align: justify;">Қала күні мерекесі аясында Таразда &laquo;Киіз Fest&raquo; ұйымдастырылды. Ұмыт қалып бара жатқан дәстүрді жаңғырту, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мұраны бүгінгі жастар арасында насихаттау мақсатында қолға алынған іс-шараға 12 топ қатысты.</p>

«Киіз Fest» айшықтары

Іс-шараға белсенді қатысқан топтар әуелі өздері басқан киізді және ұршықпен иірген жіпті қазылар алқа­сының назарына ұсынып, атауын, киіз басу тәсілі арқылы қол­өнер бұйымдарын әзірлеудің артық­шы­лықтарын әңгімеге арқау етті.

Фестивальде бақ сынаған ұжым­дардың жұмысын саралаған қазылар алқасы «Ұршық иіру» аталымы бо­йынша «Асыл мұра» тобының еңбе­­гін жоғары бағалап, бірінші орынға ла­­йық деп тапса, «Шебер шаңырақ» ұжы­­мы жүлделі екінші орынды, «Шолпы» тобы үшінші орынды иеленді. Ал «киіз басу» аталымы бойынша «Асыл қазына» тобы жеңімпаз атанса, «Өш­пес мұра» ұжымы екінші, «Ше­бер ша­ңырақ» тобы жүлделі үшін­ші орынға ие болып, қомақты қар­жылай сыйлық­пен марапатталды.

ва

– Биыл республика көлемінде алғашқы рет «КиізFest» ұйым­дастырылып отыр. Қазақ халқы киізді құндылық ретінде ба­ға­лағанын тарихтан білеміз. Халық ханын да, құрмет тұтқан қадірлі тұлғасын да ақ киізге отырғызған.

Бүгінгі байқауға қатысу­шыла­ры­мыздың барлығы да жаһандану  дәуі­рінде ұмытылып бара жатқан киіз басуды заманауи үлгіде жаңғыртып, алда­ғы уақытта ұлттық құндылығымызды насихаттауға өз үлестерін қосатынына сенімім мол. Өйткені бұл біздің бабалардан жеткен ұлттық байлығымыз, – деді іс-шараның марапаттау рәсіміне қатысқан Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов.

Тараз 

Бөлісу: