Спорт
1 мин оқу 191
Бесінші орынға тұрақтады
<p style="text-align: justify;">Малайзия тасжолдарында ұйымдас­тырылған велоспорттан «Лангкави туры» мәресіне жетті.</p>

Сегіз кезеңге жалғасқан велошабандоздар бәйгесінде шашасына шаң жұқтырмаған британиялық Саймон Карр («EF Education–EasyPost») бас жүлдені жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 27 сағат 17 минут 41 секунд. Екінші орынды Саймонның командалас әріптесі колумбиялық Джефферсон Сепедой иеленсе, үздік үштікті испаниялық Пабло Кастрильо («Equipo Kern Pharma») түйіндеді. Сепедой жеңімпаздан – 49, Кастрильо 58 секундқа қалып қойды. Ал «Астана» командасының өкілі Вадим Пронский жарысты бесінші орынмен түйіндеді. «Астананың» тағы бір велошабандозы Харольд Мартин Лопес (Колумбия) үздік ондықтың қатарынан көрінді.
Бөлісу: