Аймақтар
1 мин оқу 230

Ел ықыласына бөленген

<p style="text-align: justify;">Күні кеше Қарағандыда қатты жауған жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты. Қа&shy;ла&shy;ның кей көшелері көлге айналды. Жұрттың дені аяғымен су кешті, кө&shy;ліктер белортаға дейін жаң&shy;быр суына батты. Осы бір сәтте сағаттап су ортасында тұрып, жол қозға&shy;лысын реттеген жол-патрульдік полиция қыз&shy;мет&shy;керлеріне ел риза болды.</p>

Ел ықыласына бөленген

Кешкілік Гоголь мен Әбдіров көшелерінің қиылысындағы бағ­дар­шам техникалық ақаудан өшіп қалған. Кептеліс болдырмау үшін жол-патрульдік полиция қызметкерлері жедел же­тіп, көлік­терге бағыт-бағдар берген. Ел ықыласына бөленген екеу – Қарағанды полиция бас­қар­ма­сының патрульдік по­­­­­ли­­ция полкінің қызмет инс­пек­­торы, аға лей­тенант Бағдат Бекмағамбетов пен полиция инс­пек­торы Ернат Жарқынбеков. Жігіт­тер жарты сағат сайын ауысып отырған. Сол бір сәтті видеоға түсіріп алған желі қол­данушысы әлеуметтік желі­лер­ге жүктеген.

«Біз қызметке кірісерде ант береміз. Адал қызмет етуге. Жаң­быр суы салқын болса да, шы­да­дық. Бастысы, міндетімізді атқар­дық. Бар болғаны сол», дейді Бағдат Маратұлы.

Мінсіз қызмет етуді мақсат еткен екі тәртіп сақшысы осы­лай­ша әлеметтік желі қолдану­шы­­ла­­рының оң ықыласына бө­­ле­ніп жүр.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Ел ықыласына бөленген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар