Тағайындау
1 мин оқу 840

Алматы қаласының прокуроры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркияда Стамбул университетін тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Серік Ақмырзаұлы бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары болды.

Аталған тағайындауға дейін 2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Бөлісу:
Алматы қаласының прокуроры тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар