Қоғам
1 мин оқу 140

Сенаторлар ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді талқылады

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары &laquo;Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы&raquo; заңды талқылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сенаторлар ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді талқылады

Заңның мақсаты - мемлекеттердің көші-қон саласында ақпарат алмасу туралы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, құжатта тараптардың келген азаматтар, берілген визалар, келу және болу ережелерін бұзу, азаматтыққа қабылданған адамдар туралы ақпарат алмасу көзделген. Заңның қабылдануы Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері талқылауды қорытындылап, заң жобасын палатаның отырысында қарау жөнінде шешім шығарды.

Бөлісу:
Сенаторлар ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді талқылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар