Спорт
1 мин оқу 172

Әзербайжанға сапар шегеді

<p style="text-align: justify;">Футзалдан Қазақстан ұлттық құра&shy;масы қазан айында 2024 жылғы әлем чем&shy;пионатының элиталы іріктеу кезеңі аясында Әзербайжан құрамасымен екі матч өткізеді.</p>

Әзербайжанға сапар шегеді

Ұлттық құраманың бас бапкері Рикар­до Кака бірер күн бұрын сол ойындар­ға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 16 ойыншы енді. Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»); Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ақжол Дәрібай (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Расул Абдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия).

6 қазанда Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен Бакуде ойнаса, 11 қазанда дәл осы құраманы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.

Бөлісу:
Әзербайжанға сапар шегеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар