Ауыл
2 мин оқу 170

Жедел желі ауыл жастарын қолдайды

<p style="text-align: justify;">Өңірлерде жастарды қол&shy;дау бағытындағы же&shy;дел желі жұмыс істеп тұр. Мұнда мамандар 35 жасқа дейінгі аза&shy;мат&shy;&shy;тарға мем&shy;ле&shy;кет&shy;тік бағ&shy;дар&shy;ла&shy;ма&shy;лар арқылы жұ&shy;мысқа тұру, тұрғын үй алу, жеңілдігі бар несие&shy;ге ілігу сынды мә&shy;се&shy;лелер бойынша тегін кеңес береді.</p>

Жедел желі ауыл жастарын қолдайды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның экологиялық қоры» «Кәсіпкерлікті да­мы­туға бағытталған мемле­кеттік және жеке қолдау шаралары туралы ауылдық аумақ­тардағы жастардың хабар­дарлығын арттыру» жобасын іске асырып келеді. Бағдарлама аясында ауыл­дарда арнайы жас­тар үшін кәсіпкерлікті дамыту жө­ніндегі мемлекеттік және жеке қолдау шаралары түсін­дірілетін бұрыштар ұйым­дас­тырылады. Сондай-ақ қоғам белсенділері кейбір об­лыстарға қарасты ауылдық жер­лерде NEET санатындағы азаматтарға арналған көшпелі дәрістер мен семинарлар өткізеді. Осылайша еңбек на­ры­ғындағы трендтер мен перспективалы кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат бе­рі­ліп келеді.

«Жоба аясында біз NEET жас­­тарының үлесі жо­ға­ры өңір­­лердегі ауылдарда тұ­ра­тын жастарға арнап қыс­қа­мер­зімді курс­тар­ды ұйым­дас­­тырамыз. М­ұ­нда 35 жасқа дейінгі жас­тар жұмыс іздеу, бизнес жүр­гізу дағдыларын, сон­дай-ақ цифрлық дағды­лар­­ды тегін меңгереді. Курс тың­­дау­шыларына SMM, тар­­­гет, маркетинг, интернет-коммерция, кәсіпкерлік, бизнес-жос­пар әзірлеу негіз­дері, түрлі мемлекеттік бағ­дар­ла­малар туралы айтып береміз. Бү­гінге дейін біздің курстардан Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты ауыл­дардың жастары өтті. 200-ден аса адам оқумен қам­тылды. Жақын арада оқы­ту шараларын Түркістан об­лы­сының Шардара ауданы мен Шымкент қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», деді жоба жетекшісі Айгүл Абдуалиева.

Бүгінде жастарға «Қазақ­стан­ның экологиялық қоры» 60-тан астам кеңес берген. Жоба жұмысы келер жыл­дың аяғында қорытын­ды­ланбақшы. Оған дейін екі қолға бір күрек таппай себепсіз сенделгендерге, баспанасыз сандалғандарға ақ­па­раттық көмек +7 771 072 47 90 нөміріне қоңырау шалу арқылы да қолжетімді.

«Жедел желінің көмегімен жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тұратын жастарға 100-ден астам кеңес беруді жос­парлап отырмыз. Бүгінге дейін біз 65 адамға тиісті консуль­тация бердік. Жастарды не­гі­зінен «Бастау бизнес» грант­тарын, жылдық 2,5 пайыз ­­жеңіл­дігі бар шағын несие алу мәселесі қызықтырады», деді А.Абдуалиева.

Бөлісу: