Спорт
1 мин оқу 995
Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Азиаданың финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Аспан асты елі атынан жарысып жүрген боксшы Тоқтарбек Таңатқан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
80 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Тоқтарбек Таңатқан 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Турабек Хабибуллаевты ойсырата жеңді.
Енді финалға өткен Қытай қазағы, «алтын» үшін таласқа түседі.
Айта кетсек, Тоқтарбек Таңатқан Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.
Бөлісу: