Үкімет
1 мин оқу 261

Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен кездесу өткізді.</p>

Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп

Сенатор Ләззат Рысбекова кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне назар аударып, олардың қазіргі қарқыны төмен екендігін атап өткенін еске салды.

«Қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті дамытуда біз­дің елімізде бірқатар мәселе мен кедер­гі бар. Олардың іші­нен ШОБ банктерінің кредит беруін төмен­дету, қымбат қар­жыландыру және кепілмен қам­тамасыз етуге қо­йы­латын талап­тардың артуы, айна­лымдағы қар­жының тап­шылы­ғы, өткізу нары­ғының шек­телуі, салық жүкте­месінің жоға­рылығы, салық­тық және кеден­дік әкім­шілендіру мәселелері сияқ­т­ы жү­йелі мәселелерді бөліп көр­се­туге болады», деді Ләззат Рысбекова.

Ұлттық экономика министр­лігінің кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбылов өз кезегінде парламентшілерге ШОБ дамыту жөнінде қабыл­данып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуы­н­ша, мекеме алдағы құрылымдық экономикалық реформалар­дың негізгі ауқымын анықтады, мұнда басты міндеттердің бірі – отандық кәсіпкерлерді дамыту және қолдау. Ол үшін биз­нес­тің орта сегментіне, кешен­ді салық реформасына, мемле­кет­тің экономикадағы үлесін қыс­қартуға назар аудара отырып, дамыту бойынша жұмыс жүр­гізілетін болады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сон­дай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері баяндама жасады.

Бөлісу:
Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар