Президент
1 мин оқу 283

Мемлекет басшысы бірқатар ұстаздарды марапаттады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге &laquo;Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы&raquo; құрметті атағын берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі &nbsp;хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған марапат еңбек ардагері Майра Мәмбетоваға (Алматы қаласы), Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезоваға (Петропавл қаласы), С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимоваға (Түркістан облысы), А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісоваға (Қарағанды қаласы), академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллинге (Павлодар облысы), Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержановаға (Астана қаласы), Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиеваға салтанатты түрде табысталды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар ұстаздарды марапаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар