Спорт
1 мин оқу 262
Жәмила Бақбергенова жартылай финалда белдеседі
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәмила жартылай финалда үндістандық Киран есімді балуанға қарсы белдеседі. Қазақ спортының тарихында қыздар арасында әлем чемпионатының үш дүркін (2 күміс, 1 қола) жүлдегері атанған әзірге жалғыз балуан осы Жәмила Бақбергенова. Азияның үш мәрте чемпионы Жәмиланың еншісінде жазғы Азия ойындарының алтыны жоқ. Сол жоқты бүтіндеу үшін балуан қыз барын салуы тиіс.
Бөлісу: