Аймақтар
1 мин оқу 340

СҚО-ның үш ауданында әкімдер сайлауы өтеді

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары әкімдігіне кандидаттарды&nbsp;ұсыну мерзімі 5 қазанда сағат 18.00-де аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО сайлау комиссиясының хабарлама дерегінше үш сайлау округі бойынша барлығы 12 кандидат ұсынылды, оның үшеуі – «AMANAT» партиясынан, тағы бір үшеуі - ҚХП, алтауы – өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттарды тіркеу 10 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

Аталған аудандардың әкімдерін сайлау 5 қарашада өтеді.

Бөлісу: