Спорт
1 мин оқу 290
Дидар Әмірәлі - Азия ойындарының қола жүлдегері
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан каратэшісі Дидар Әмірәлі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алды.
Дидар жартылай финалда екі мәрте әлем және Азия чемпионы, ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңді.
Осылайша, бүгін татамиге шыққан үш каратэші де жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының алтыны үшін таласатынын жазған едік.
Бөлісу: