Спорт
1 мин оқу 222

Соңғы алтын да сусып кетті

<p style="text-align: justify;">Ханчжоу қаласында &nbsp;(Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындарына елімізден барған спортшылардың арасынан соңғы болып жарыс жолына шыққан Мөлдір Жаңбырбай каратеден&nbsp; күміс медальді місе тұтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Соңғы алтын да сусып кетті

50 келі салмақ дәрежесінде   сынға түскен  жерлесіміз жазғы Азия ойындарының алтын медалі үшін тартыста тайпейлік  Шуанг Гуға есе жіберді. Есеп 5:5 болып тұрып, тайпейлік спортшы соңғы секундта шабуылда соққысын дарытып  Азия ойындарының алтын медалін  иеленді.

Жастар арасында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Токио жазғы Олимпиадасына қатысушы Мөлдірдің бұл  Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі. «Алтын медаль еншілеп, еліміздің көк байрағын желбіретсем деп едім. Үнемі осылай соңғы секундта жеңіс  уысымнан сусып кетеді. Ендігі  ірі додаларда барымды саламын», деді  Мөлдір Жаңбырбай.   

Бөлісу:
Соңғы алтын да сусып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар