Спорт
1 мин оқу 290

26 жылдан кейінгі жүлде

<p style="text-align: justify;">Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-әлем чемпионатында Милад Карими тарихи жүлдеге қол жеткізді.</p>

26 жылдан кейінгі жүлде

Жарыстың кезекті күнінде ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалын­да 14.600 ұпай жинап, үздік үштіктің қатары­нан көрінді. Бұл сайыстың бас жүлдесі Артем Долгопятқа (Израиль) бұйырса, күміс Казу­ки Минамидың (Жапония) еншісінде кетті. Миладтың бұл жүлдесі қазақ гимнастарының 1997 жылдан кейін әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы медалі болды. Ол кезде Сергей Федорченко Лозаннадағы додада ба­ға­надан секіруден чемпион атанған.

Былтыр Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Милад еркін жаттығудың финалында 12.100 балл жинап, 8-сатыдан көрінген еді.

Бөлісу:
26 жылдан кейінгі жүлде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар