Теннис
1 мин оқу 183

Сынық қадам қалғанда сүрінді

<p style="text-align: justify;">Теннистен әйелдер арасындағы елі&shy;міз&shy;дің бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бей&shy;жіңде өтіп жатқан WTA 1000 тур&shy;нирі&shy;нің финалына шыға алмады.</p>

Сынық қадам қалғанда сүрінді

Отандасымыз турнирдің ширек фина­лында әлемнің бірінші ракеткасы беларус­тық Арина Соболенконы бір жарым сағат­қа жалғасқан матчта небәрі екі сетте 7:5, 6:2 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда әлемнің 22-ракеткасы ресейлік Людмила Самсоноваға шамасы жетпеді. Бірінші партияда екі теннисші де бір-бір мәртеден брейк жасағанымен, тай-брейкте ресейлік теннисшінің бағы жанды – 7:6. Екінші партияның сегізінші геймінде Елена допты матчқа қосқанда жиі қателесіп, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Ал тоғызыншы геймде Самсонова 40:0 есебімен матчқа нүкте қойды – 6:3.

Кез келген спортшының спорттық карьерасында ыңғайсыз қарсыластары болады. Рыбакина үшін Людмила Самсонова – сондай теннисшінің бірі. Себебі осыған дейін екі теннисші үш мәрте кездесіп, соның үшеуінде де Самсонованың мерейі үстем болған. Әзірге Рыбакина Людмиланың осал тұсын таба алар емес.

Бөлісу: