Спорт
1 мин оқу 191

Елордада әлем чемпионаты басталды

<p style="text-align: justify;">Өткен жұмада елордадағы &laquo;Тарлан&raquo; мұз айдынында пара&shy;хоккейден әлем чемпионаты (B-Pool) басталды. Елімізде тұңғыш рет өтіп отырған байрақты бәсекеде Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония, Қазақстан &shy;командалары өнер көрсетеді. Чемпионатта алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы өтетін парахоккейден &laquo;А-Pool&raquo; әлем чемпионатына жолдама алады.</p>

Елордада әлем чемпионаты басталды

Жарыстың салтанатты ашы­лу  рәсімінде Қазақстан Рес­публикасының Туризм және спорт вице-министрінің мін­детін атқарушы Сәр­сен Құ­ранбек, Астана қаласы­ның  дене шынықтыру және спорт басқармасы дирек­то­ры­ның орынбасары Ерке­ғали  Корбозов, Ұлттық Пара­лим­пиада комитетінің вице-президенті Бахыт Сапаров, Қазақстан парахоккей федера­циясының президенті Болат Бушанов сынды мырзалар қа­тысып, спортшыларға сәтті­лік  тіледі.

«Парахоккейден ұлттық құрама 2022 жылы Таиландта өткен «С-Pool» әлем чемпио­натында екінші орын алып, «B-Pool» жарыстарына жолдама алды. Міне, енді, «B-Pool» әлем чемпионаты елордамызда өтеді. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының елімізге арт­қан сенімі деп білеміз. Осы жарысты лайықты деңгейде өткізуге басты серіктестеріміз Sport Qory, «Самұрық-Қазы­на» АҚ, Туризм және спорт ми­нистрлігінің спорт және дене шы­нықтыру істері комитеті, Ұлттық Паралимпиада коми­теті, Астана қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасы үлкен көмек көрсетуде. Бірігіп әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткіземіз деп сене­мін», деді парахоккейден Қа­зақстан федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.

Байрақты бәсекедегі ал­ғашқы ойын алаң иелері мен Сло­вакия командаларының ара­сында өтті.

Бөлісу:
Елордада әлем чемпионаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар