Қоғам
1 мин оқу 270

ҚТЖ 742 адамға заңсыз сыйақы аударып келген

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚТЖ-Жүк тасымалы&raquo; ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілері анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткердің атына ақшалай қаражат аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйақыларды беріп отырған.

Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шара қабылданып жатыр. Сонымен қатар аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
ҚТЖ 742 адамға заңсыз сыйақы аударып келген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар