Президент
1 мин оқу 270
Ақмола облысындағы студент өлімі: Президент мәселені бақылауға алды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды», делінген хабарламада.
Еске салайық, Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды. 6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: