Спорт
1 мин оқу 570
Криштиану Роналду мансабын аяқтайды
<p style="text-align: justify;">Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
38 жастағы португалдық спортшы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының басшылығына өз шешімін хабардар етті.
«Криштиану Роналду Португалия құрамасының лагеріне барар алдында «Аль-Наср» басшылығына келісім-шартын 2027 жылдың басына дейін ұзартқысы келетінін айтты. Роналду 2026 жылы өтетін әлем чемпионатында «Аль-Наср» клубының футболшысы ретінде ойнауды, кейін футболдан кететінін жариялауды жоспарлап отыр», деп жазды журналист Әл-Хараби.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде – АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
Бөлісу: