Қазақстан
1 мин оқу 185

Құтқарушылар құрамы Ауғанстанға көмекке кетті

<p style="text-align: justify;">Президенттің арнайы тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құрылған 45 адам: республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері – фельдшерлер. Бұлар құтқару операциялары бойынша көпжылғы тәжірибелі мамандар, олардың бірқатары биыл Түркияда болған жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан.

Қажетті керек-жарақтармен жабдықталған топты ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.

Бөлісу:
Құтқарушылар құрамы Ауғанстанға көмекке кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар