Кино
1 мин оқу 270

Отандық фильм – «Азия Оскарынан» үміткер

<p style="text-align: justify;">Режиссерлер Айсұлтан Сейі&shy;тов&shy;тің &laquo;Қаш&raquo;, Дархан Төле&shy;генов&shy;&shy;тің &laquo;Ағайынды&raquo;, Асхат Кучинчирековтің &laquo;Ба&shy;уы&shy;ры&shy;на са&shy;лу&raquo; картиналары &laquo;Азиялық Оскар&raquo; (Asia Pacific Screen Awards) сыйлығына үміткерлер қа&shy;та&shy;рына кірді.</p>

Отандық фильм – «Азия Оскарынан» үміткер

Айсұлтан Сейітовтің туын­дысы «Үздік фильм» және «Үздік опе­раторлық жұ­­мыс» сынды екі аталымда ұсы­­нылған. Басты аталымда Жа­пониядан, Қытайдан, Грузиядан келген еңбектер­мен таласқа түседі. Олардың арасында биылғы Венеция кинофестивалінде Қазылар алқасының арнайы жүлде­сі­нің иегері атанған Рюсуке Ха­магутидің «Зұ­лымдық жоқ» ат­ты туындысы да бар.

Ал Дархан Төлегенов пен Асхат Кучинчиреков еңбек­тері «Үздік режиссер» және «Үздік жастар филь­мі» аталымдарына ілікті. Төле­генов қатыс­қан аталымда жо­­ға­рыда айтылған Хамагути мен 2023 жылғы «Сандэнс» және Бер­­лин кинофестивальдері­нің қаты­су­шысы Селин Сон да бақ сынап отыр. Сондық­тан тартысты бәсеке бол­ға­лы тұр. Отандық үш картина режиссерлардың дебюттік жұмыстары.

«Қаш» фильмінде қазақ дала­сын­дағы 30-жылдарда­ғы ашаршылық ке­­зіндегі ха­лықтың мехнатты ауыр тағ­­дыры көрсетіледі. Қабір қазушы Иса­тай өз ауылын құтқару үшін қауіпті мис­сияға барады. Бірақ жолда кезбе адам кездесіп, оны тура жолдан адас­тырады.

Айта кетейік, Айсұлтан Сейітов жаз­да Шанхай халық­аралық кинофес­ти­ва­­лінде осы жұмысы үшін «Үздік ре­жис­сер» аталымын жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Отандық фильм – «Азия Оскарынан» үміткер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар