Спорт
1 мин оқу 181

Жапонияда топ жарды

<p style="text-align: justify;">Жапонияның Кюсю аралында велоспорттан алғаш рет ұйымдастырылған &laquo;Кюсю туры&raquo; аяқталды. Үш күндік ве&shy;ло&shy;&shy;&shy;жарыста &laquo;Astana Qazaqstan Team&raquo; вело&shy;шабандозы Андрей Зейц жеңімпаз атанды.</p>

Жапонияда топ жарды

Хита қаласында мәресіне жеткен жарыс­тың соңғы кезеңінде Андрей Зейц пелотоннан 8 секундқа ұзап кетіп, көмбеге бірінші жетті. Сөйтіп Күншығыс елінде ұйымдастырылған тұңғыш велотурдың алғашқы жеңімпазы атанды. Сондай-ақ жалпы есепте «Astana Qazaqstan Team» велокомандасының италиялық өкілі Антонио Нибали екінші орынға ие болды.

7-9 қазан аралығында Жапонияда жалауы желбіреген жарыста Зейц пен Нибалиден бөлек, «Астана» велоклубынан Игорь Чжан, Евгений Гидич, Николас Винокуров және Александр Винокуровтар өнер көрсетті.

Бөлісу:
Жапонияда топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар