Алматы
2 мин оқу 1,450

Іледегі үнді жайрасы

<p style="text-align: justify;">Тамыз айында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында үнді жайрасының екі бірдей дарағы ұялы телефон камерасына түсірілді. Авторы белгісіз. Бұл суреттерді Қаскелең қаласы тұрғындарының бірі орманшылылықтың жетекшісіне түсіріп жіберген.</p>

Іледегі үнді жайрасы

Аталған аумақта далалық жұ­мыс­тар жүргізілді. Алдағы уақыт­та іні­нің маңайына фото­қақпан орнатыла­ды. Бұған дейін тек жалғыз дарақ­тан кездесіп жүрген еді. Бұл бейне ар­қылы үнді жайрасының өнімінің молаюын байқауға болады. Үнді жайрасы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағының Ақсай, Медеу филиалдарының бірнеше шатқалында, оған іргелес Алматы облысы әкімшілік аумағының оң­түстікке қарай жерлерінде кез­де­седі. Күндіз көрінбейтіндіктен, түн қа­раңғысындағы аңның ұшы­расуы өте сирек болады.

Үнді жайрасы (лат. Hystrix indica, 1792) – кеміргіштер отряды (лат. Rodentia), Жайратек­тес­тер тұқымдасы (Hystricidae), IV санат­тағы сирек кездесетін, аз зерттелген түр. Қазақстан фау­насында­ғы тұқым­дастың жалғыз түрі. Ме­кен­дейтін жерлері – таудың шат­қал­дары мен қойнауының теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктіктегі жер бедері ойлы-қырлы аласа тау­лар мен тау етегінде мекендейді. (ҚР Қызыл кітабы, Алматы, 2010)

Тіршілік белгісі көбіне түнде көрінеді. Дене-тұрқының ұзын­дығы – 80-90 см, орташа салмағы – 13-30 кило тартады, кейде 25 ки­лоға дейін жетеді. Жайраның түр-тү­сін денесіне өзгеше шаншыла ор­наласқан сояудай инелерінен аң­ғаруға болады. Сол арқылы сытырлаған дауыс шығарып, жауынан қорғанады. Бір қызығы, денесін­де­гі мыңдаған инелердің жалпы салмағы 100 грамдай ғана екен. Денесі қоңырқай қара болып келеді. Аяқтары қысқа, ін қазуға арнал­ған тырнақтары мықты («Ана тілі» газеті, 2014 жылдың 13 ақпа­ны).

Жайраның қауіпті жаулары – шибөрілер мен қаңғыбас иттер. Десе де, шатқалдарда ұдайы кү­зету жолға қойылған. Сондай-ақ үнді жайрасын қолда өсіретін Есік қаласының тұрғыны жайра­ны табиғатта көбейту мақса­тын­­да бірнеше дарағын ұлттық парк аумағына жерсіндіруге бас­шы­лыққа ұсыныс білдірген еді. Әзірге тек ұсыныс ретінде қалып отыр. Егер іске асатын болса, Зоология институтының био­логиялық негіз­демесі бойынша ОШ және ЖД комитетінің арнайы рұқсатымен ғана іске асады. Қызыл кітапқа кіретін түрді қорғау, таралуына сеп­тігімізді тигізу – міндетіміз.

Тұңғышбек ЖАПАРҚҰЛОВ,

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылыми қызметкері

АЛМАТЫ 

Бөлісу: