Аймақтар
1 мин оқу 291

Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі

<p style="text-align: justify;">Ел Президенті мақұлдап, Үкімет бекіткен &laquo;Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары&raquo; аясында көзделген іс-шаралардың бірі &ndash; облыс орталығының еліміздің басқа өңірлерімен әуе жолы арқылы байланысын қамтамасыз ету болатын. Бұған дейін қалыптасқан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен әуе арқылы қатынас қатарына енді Шымкент қаласы да қосылды.</p>

Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі

Өйткені 11 қазан­нан бас­тап «Шым­­кент – Жез­қазған – Шымкент» ба­ғы­ты бойынша әуе рейсі «QAZAQ AIR» әуе ком­паниясының канадалық «De-Havilland Dash 8-Q400» замануи ұшағы арқылы әзірге аптасына екі рет, сәрсенбі, жек­­сенбі күн­де­рі қатынайтын болады.

Бұл бағытты облыс әкім­дігі бюджет қаржысы есе­бі­нен субсидия жасау арқылы жүзеге асырады.

– Билет құны 15 мың теңге болып белгіленді. 14 жасқа толмаған балалар елу пайыз жеңілдікті пайдалана алады. Біздің ойымызша бұл – қалтаға салмақ түсірмейтін баға, – дейді Ұлытау облысы жо­лаушылар көлігі және ав­токөлік жолдары басқар­ма­сының бөлім басшысы Ернұр Еділбаев.

Бұрын Ұлытау жақтан Шым­­кентке тікелей автокөлік те, пойыз да қаты­намағанын ескерсек, баратын жерге бар-жоғы 1 сағат 40 минутта зыр еткізетін ұшақтың билет бағасы шынында да қымбат деуге келмейді.

Алдағы уақытта Жез­қаз­ған әуе­жайынан сан ба­ғытқа ұша­тын ұшақ­тар кө­бейе түспек. Өйткені қазір об­лыс бас­шылығы халық сұра­нысына сәйкес Өскемен, Балқаш, Ақтау қала­ларына әуе қатынасын жолға қою мә­се­лесі реттеу ба­ғытында жұ­мыс іс­теп жатыр.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар