Ауа райы
1 мин оқу 271

Ертең қар аралас жаңбыр жауады

<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ертең елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауады.

Тек Қазақстанның солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Алайда елдің барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

Елордада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

Бөлісу:
Ертең қар аралас жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар