Қоғам
2 мин оқу 290

Үздік оқырман

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақ тілі&raquo; қоғамы&shy;ның Алматы қалалық филиалы мен &laquo;Қазақ га&shy;зеттері&raquo; ЖШС құра&shy;мындағы &laquo;Ана тілі&raquo; рес&shy;&shy;публикалық га&shy;зеті оқыр&shy;мандар арасын&shy;да &laquo;Ана тілі&shy;мізді ардақ&shy;тайық!&raquo; атты бейне&shy;ро&shy;лик байқауын ұйым&shy;дас&shy;тырған болатын. Достық үйінде байқау же&shy;ңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.</p>

Үздік оқырман

Оқырманды мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және насихаттау­ды жаңа технология мен трендтер ар­қылы жүзеге асыруға шақыратын байқауға 50 шақты жұмыс түсті. Профессор Кәкен Камзин бастаған қазы­лар алқасының шешімімен І орын – Жамбыл облысынан бақ сынаған Қасымхан Төлендиевке, ІІ орын – қы­зылордалық Сағира Уәлиге,  ал үшінші орын маңғыстаулық оқырман Рысгүл Рамазановаға бұйырды.

«Кейбір оқырмандар бай­қау форматын дұрыс түсін­бе­ген­діктен, жарамай қалған жұмыс­тар да болды. Жақсы роликтер де баршылық. Қазылар алқасы оларды іріктеп, ішінен 3 жеңімпазды анықтады. Олар газетімізге шық­қан мақалалар туралы сарап­тамалық видео­контент жасап, сол арқылы жеңіске жетті», дейді «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс.

– Қазақ тіліне, ұлтқа, ұлт болаша­ғы­на қызмет ету – баршамыздың ортақ парызымыз. Қазіргі «мылтықсыз майдан» заманында тіл мәселесі маңызды болып тұр. Ана тілі бәрімізге ортақ, тіл өшсе, ұлт өшеді. Соны ұмытпауы­мыз керек. Осы мақсатта 1989 жыл­дан бері «Қазақ тілі» қоғамы­ның ыстық-суығына төзіп жүр­ген азаматтар жетерлік. «Ана тілі» газетінің оқырмандары көбейсе, қазақ тіліне, ұлттық сана-сезімге, идеологияға деген көз­қарас оянатын шығар деген оймен байқауды өткіздік. Га­зет, кітап оқуға деген қы­зығушы­лық бәсеңдеген заман­да оқырман ­тарту, оқуға деген қызығушылықты ояту үшін жасалып отырған іс-ша­ра өз жемісін береді, – дейді бай­қауға демеушілік таныт­қан Ха­лықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қаласы филиалының төрағасы Құсман Шалабаев. 

АЛМАТЫ 

Бөлісу: