Аймақтар
1 мин оқу 284

Ұлытау облысы: Фермерлерге жеңілдік

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысында көмір әр тоннасына 13 700-19 500 теңге аралығында сатылып жатыр. Бағаның әркелкілігі, әрине, жол шығы&shy;нына байланысты екені түсінікті.</p>

Ұлытау облысы: Фермерлерге жеңілдік

Қазіргі кезде Жезқазған қаласында «Ferrit и К» ЖШС және «Көмір гарант» ЖШС  жеткізіп жатқан көмірді негізінен Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындары сатып алып жатыр. Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде көмір «ПСВ 86» ЖШС арқылы таратылуда.  Аудан шаруашылықтары мен Қаражал қаласының, Жәйрем кентінің тұрғындары үшін көмірді  осы жерден алу қолайлы болып тұр.

Сондай-ақ «Шұбаркөл» АҚ мен аудан әкімшілігі арасындағы келісімге байланысты Шұбаркөл көмір кенішінен Ұлытау ауданының  фермерлері үшін егер жергілікті билік олардың тізімін беретін болса, көмірдің әр тоннасы 9 мыңнан босатылады. Бұл туралы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин хабарлады. 

Бөлісу:
Ұлытау облысы: Фермерлерге жеңілдік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар