Форум
2 мин оқу 233

Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды

<p style="text-align: justify;">Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумының бас пленарлық отырысынан кейін ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сыйлық қазылар алқасы мүшелерінің онлайн-дауыс беруінің қорытындысы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы жетістіктері үшін Орталық Еуразия елдерінің үздік IT-компанияларына беріледі.

Номинациялар бойынша Digital Bridge Awards 2023 жүлдегерлері:

  • Export Excellence (IT-қызметтерді экспорттауға бағытталған даму стратегияларын табысты түрде іске асыру) – Алексей Аксенов, бағдарламалық қамтамасыз етуді және күрделі цифрлық платформаларды әзірлейтін EPAM Kazakhstan компаниясының директоры;
  • Tech for Good (экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған технологиялар) – Әсем Тәжиева, кішкентай балалар, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары үшін пайдалы ақпарат беретін мобильді қосымша Ozim Platform әлеуметтік стартабының негізін қалаушы;
  • Tech Educational Leader (оқытуда инновациялық, батыл және шығармашылық бастамаларды қолданатын бағдарламалау мектептері) – Данабек Қалиажаров, Alem School жетекшісі;
  • Tech Media of the Year (технологиялық журналистика саласындағы жетістіктер) – Тагай Тазабеков, Қырғызстандағы жастарға арналған Limon.KG бірінші интернет-басылымының директоры;
  • Employer of Choice (қызметкерлерді кәсіби және тұлға ретінде дамытуға ынталандыратын жұмыс ортасын ұсынушы компаниялар) – Дмитрий Ботанов, қызметтер, жылжымайтын мүлік және автокөлік сату саласындағы Kolesa Group IT-компанияның бас директоры;
  • VC of the Year (инновациялық экожүйенің дамуына елеулі үлес қосқан венчурлік инвесторлар) – Әділ Нұрғожин, Big Sky Сapital венчурлық қорының басқарушы серіктесі;
  • AI Startup of the Year (жасанды интеллект саласындағы жетістіктері үшін) – Азизджон Азими, Тәжікстан жастарына қаржы және телекоммуникациялық компанияларға жұмысқа орналасу үшін IT және ЖИ бойынша мамандандырылған курстардан өтуге мүмкіндік беретін Zypl.ai орталығының негізін қалаушы.

Үкімет

Премьер-министр Әлихан Смайылов жеңімпаздарды марапаттап, олардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Бөлісу:
Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар