Спорт
1 мин оқу 120

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты мәресіне жетті

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында пара хоккейден елімізде алғаш рет өтіп, мәресіне жеткен әлем чемпионатына Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония Қазақстан құрамалары, яғни 6 команда қатысты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«2021 жылы ғана құрылған команда бір жыл ішінде С дивизионында 2-орын алып, жоғарғы лигаға үмітті болды. Дегенмен жарыс барысы Қазақстанның лайықты деңгейін көрсетті. Біздің құрама В дивизиондық орнын сақтай отыра, доданы сәтті тәмамдады. Ендігі жоспарымыз 2024 жылы В дивизионының кезекті ойындары өтеді. Әзірге біздің мақсатымыз – әлем чемпионатына жақсылап әзірленіп, биылмен салыстарғанда жоғары нәтиже көрсету», дейді Қазақстан ұлттық құрамасы кеңесшісі Николай Шаршуков.

Қазақстан спортшылары сайыстың соңғы ойынында Ұлыбритания командасын 4:3 көрсеткішімен ұтып, турнирдің жалпы рейтингінде төртінші орынға табан тіреді.

Чемпионат нәтижесі бойынша Жапония мен Словакия құрамалары А-pool пара хоккейден әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Аталған турнирдің ұйымдастырушылары – Туризм және спорт министрлігі, SportQory, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» қоры, Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитеті және Астана қаласының спорт басқармасы.

Бөлісу: