«Air Astana»: акцияның бір бөлігі IPO-ға шығарылады
<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғыр­ту мәсе­лелері жөніндегі мемлекеттік комис­сияның кезекті отырысын өткізді, онда «Air Astana» АҚ ак­ция­ларының бір бөлігін бәсе­келес­тік ортаға беру жоспарлары талқыланды.</p>

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия «Air Astana» АҚ-ны IPO-ға шығаруға қатысты ұсынылған тәсілдерді, мерзімдер мен құрылымын қолдады, бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі акциялар пакетінің мөлшерін «Air Astana» АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 51%-дан аз деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.
«Air Astana» АҚ IPO-сын өткізу Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жоспарланып отыр.
Қорытындылай келе, Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.