Жәдігер
2 мин оқу 380

Жүсіп ата жазбасы

<p style="text-align: justify;">Ел аузында сақталған аңыз &ndash; әпсана деректерде Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті саналатын әулие, пір Жүсіп атаның қолжазбасы табылғаны туралы мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі таратты.</p>

Жүсіп ата жазбасы

Ресми мәліметтерде Жүсіп ата ХІІ ғасырда өмір сүрген және ежелгі жазбаларда «Ғашық Жүсіп» атымен әйгілі адам дейді. Яғни бұл тіркес ғұлама ғалым бір Алла­ның іліміне құмар-ғашық болды деген сөз.

Бұл әулиенің кесенесі. Түр­кістан қаласынан 25 шақырым жерде ескі Иқан ауылында ор­наласқан. Өткен ғасыр басында кесененің іші толған кітап болған дейді көнекөздер. Өкінішке қарай, кеңес үкіметі бұл құнды жәдігердің көбін 1930 жылдары жойып жіберген-мыс.

Жүсіп атаның ұрпақтары бар­шылық. Әулет шежіресінде: Камалиддин – Сүлеймен – Омар – Жиен – Сыддық атты ата­ларының аты аталса,  жиені Иқан қожадан тарайтын Ата қожа ұрпағы Шарафуддин әулиенің исынат-тізбегі жазылыпты.

сми

«Ұзындығы үш метр болатын құн­ды қолжазба қазір әу­лие ата­мыздың ұрпағы елорда тұрғыны шежіреші қа­рия Сейдәлім Юл­дашевтың қо­лында сақтаулы тұр», дейді комитеттің баспасөз хатшысы Мәдина Сабыр.

Ал құнды жазба ақыиесінің айтуына қарағанда, жәдігерді атасы Юлдашқожа сақтап келген. – Мен тарихшы емеспін, – дейді Сейдәлім ака.  Қол­жазбаны біле­ді-ау деген адам­дарға көр­сеттім, олар мәтінді оқып көріп, мұн­да на­сабнама емес тарих жа­зыл­ған дейді. Яғни ханның жар­лықтары, жер-су атаулары, ха­лықтың тыныс-тір­шілігіне қа­тысты көптеген мә­лімет бар. Жазбадағы де­ректерді то­лықтай зерттеу ғалымдардың еншісінде. Жәдігер кезінде қу­ғын-сүргін салдарынан жерге көміліп аман қалғандықтан, қа­зіргі таңда тұпнұсқасы жойылу алдында тұр.

«Құнды мұраларды жоғалт­пай сақтау – болашағымыз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ха­­лықтың қолында сақталған осын­­дай құнды құжаттарды із­­деп табуды басты назарға алып отырмыз. Жеке қолдағы та­­рихи мұраларды мемлекет қор­ғауына алып, қаншама бел­гісіз деректердің бетін ашуға және олардың болашақта жойы­лып кетпеуіне үлес қосуымыз керек», дейді комитет төрағасы Қуат Бораш.

Бөлісу:
Жүсіп ата жазбасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар