Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?
<p style="text-align: justify;">«Decision Dividida» промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминикандық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалау қызық болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://vesti.kz/profi/janibeku-alimhanulyi-nashli-topovogo-sopernika-sleduyuschego-334720/">Vesti.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Айта кетейік, 15 қазан күні WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдар үшін жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы германиялық қарсыласы Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.
Тартысты дода Розенбергте (АҚШ) өтті. Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
«Спорттық тұрғыдан алғанда Әлімханұлы мен Адаместің жекпе-жегін ұйымдастырса тамаша болар еді. Бірақ мен оларға төбелесу қаншалықты ыңғайлы екенін білмеймін», деді Родригес.
Айта кетейік, WBC чемпиондық белбеу Адаместің «уақытша» иелігінде.