Кино
1 мин оқу 370

Кинотеатрда – «Келінжан-2»

<p style="text-align: justify;">Көпшілікке танымал &laquo;Келінжан-2&raquo; комедиясы 19 қа&shy;заннан бастап кинотеатрлардан көрсетіле бастайды. Продюсер Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, сценарийде қызықты оқиғалар көп, тіпті алдыңғы түсірілген бірінші фильмнен де ерекше шыққан.</p>

Кинотеатрда – «Келінжан-2»

Аталған сериал 2018 жылдан бастап «Хабар» арнасынан көрсетіле бастаған болатын. Бүгінде 126 сериясы көрерменге жол тартты.

«Келінжан» тек қана арзан күлкі емес, айтары бар дүние болды. Қашаннан ең басты құндылық – отбасы болып саналған. Бұл жолы да сол отбасына басымдық берілді. Биылғы «Келінжан-2» Айсараның еншісіне тиіпті. Басты кейіпкер Айсара деу­ге тұрарлық. Негізі олай бол­ғанын монтаждаған кезде ­бір-ақ көрдік»,  дейді бас про­дюсер.

«Хабар» теле­арнасының директоры Жай­на Сламбекқызы сериал­дың биыл бесінші маусымын көрсеткенін атап өтті.

«Осының өзі бұл сериал­дың деңгейін дәлелдеді. Ме­нің білуімше, отандық телесериал нарығында 5 маусым бойы түсірілген сериал жоқ. «Келінжан-2» де сериал­дың жалғасы немесе жақсы ке­сін­ділерін жинаған жиынтық дү­ние емес. Кәдімгідей то­лық­қан­ды фильм», деді телеарна директоры.

Бөлісу: