Спорт
1 мин оқу 223

Жылдың үздік боксшысы

<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұл&shy;танов Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта сал&shy;мақ&shy;тағы 2023 жылдың үздік боксшысы деп танылды. Бұл туралы аталған ұйымның Доминикан республикасында өткен конференциясында мәлім болды.</p>

Жылдың үздік боксшысы

2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жұды­рықтасып келе жатқан отандасымыз бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, 11 қарсыласынан мерзімінен бұрын басым түскен. Ол осы жылдың сәуір айында Оңтүстік Кореяда жеңілістің кермек дәмін татпаған жапониялық Кадзуто Такесаконы сегізінші раундта тех­никалық нокаутпен жеңген еді.

Қазіргі таңда жерлесіміз кәсіпқой бокстағы ең маңызды төрт белбеудің ішінде WBC нұс­қасы бойынша – екінші, IBF бойынша – бесінші, ал WBO бағыты бойынша үшін­ші сатыға жайғасқан. Сонымен қатар бокс­шылардың статистикасын жүргізетін «BoxRec» басылымының мәліметіне сәй­кес, М.Нұр­сұлтанов дәл қазіргі таңда Қазақ­стан­да­ғы ең мықты боксшылардың көшін бастап тұр.

Бөлісу:
Жылдың үздік боксшысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар