Құрылыс
1 мин оқу 173

Құрылыс жұмыстарын бастады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қорғас-Шығыс қақпасы&raquo; АЭА аумағында индустриялық парк салу жобасы аясында &laquo;Қытай-Қазақстан халықаралық индустриялық қаласы&raquo; ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісті. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың алғашқы кезеңін қолға алмақ. Оның ішінде инженерлік желілер жүргізу мен магистралдық көшенің құрылыстары бар.</p>

Құрылыс жұмыстарын бастады

Инвесторлар биыл­­ғы қара­шадан бастап АЭА аумағынан тыс  салынатын әкім­шілік ғи­мараттар мен қонақүй ны­сан­да­рының алғашқы қадасын қа­ғып, құрылысын бастауға құл­шыныс танытты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жобаның басты мақсаты – ин­дус­­трия­лық парк салу және де «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да өндірістік, логистикалық қызмет көр­сетуді ұйымдастыру, сондай-ақ өнеркәсіптік қуаттарды ҚХР-дан Қазақстан аума­ғы­на ауыстыру. Бұл жобалар ҚХР-дың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын, инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық сая­сат пен Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Қытай Халық Респуб­ли­касының Үкіметі арасын­дағы «Жібек жолы­ның эко­но­ми­калық белдеуі» атты бастамаларын не­гізге алады.

Жобаның құны – 330 млрд теңге. Оған бөлініп отырған жал­пы жер көлемі 1000 гектарды құрайды. Соның арқасында жа­қын елді мекен тұрғындары үшін 2 мыңнан астам жұмыс орны ашы­лады деп күтіледі.

Бөлісу:
Құрылыс жұмыстарын бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар