Теннис
1 мин оқу 220

Пиреней түбегінде жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Еліміздің жас теннисшісі Ясмин Дүй&shy;сембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жас&shy;қа де&shy;йін&shy;гілер арасында өткен екін&shy;ші санат&shy;тағы Tennis Europe тур&shy;ни&shy;рінің чемпионы атанды.</p>

Пиреней түбегінде жеңіске жетті

Қазақстан теннис федерациясы мәлі­меті бойынша, Ясмин финалда Болгария өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал ұлдар арасында бақ сынаған тағы бір отан­дасымыз Ахмади Маханов финалға дейін жеткенімен, чемпиондық матчта корт иесі Томас Мартинге жол беріп қойды – 1:6, 1:6.

Ахмадидің жекелей сында жолы бол­мағанымен, жұптық сайыс­та бағы жанды. Отандасы Бал­қан Нұр­дәулетпен бірге жұп құрап, турнирдің соңғы бәсе­кесін­де сло­вакиялық Леонард Нипц пен украи­налық Егор Романют жұбынан екі сетте 6:1, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңім­паздарының қатарына қосылды.

Сонымен қатар қыздар бәсекесінің тағы бір финалында ойнаған жерлесіміз Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге ақтық сында Испания қыздары – Пелас және Бель­траннан басым түсе алмады – 3:6, 4:6.

Бөлісу:
Пиреней түбегінде жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар