Олимпиада
1 мин оқу 250

Бағы жанған бес спорт түрі

<p style="text-align: justify;">2028 жылғы АҚШ-тың Лос-Анд&shy;желес қаласында алауы тұ&shy;та&shy;натын Олимпия ойындарын&shy;да жаңадан бес спорт түрі қосыл&shy;ды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мә&shy;лімдеді.</p>

Бағы жанған бес спорт түрі

Бес жылдан кейін мұхиттың арғы бетінде өтетін Олимпиадада жанкүйерлер крикет, байрақ футбол, сквош, лакросс және бейсбол/софтбол секілді спорт түрлерінің қызықты бәсекелерін тамашалайтын болды. Бейсбол/софтбол, крикет және лакросс спорты Олимпия ойындарының бағдарламасына қайта қосылып отыр.

Мәселен, бейсбол/софтболдың тұ­сауы Токио Олимпиадасында кесілсе, крикет ең соңғы рет 1900 жылғы Париждегі додада ойналған еді. Ал лакросс спортының бәсекелері 1904 жылы Сент-Луис және 1908 жылғы Лондон Олимпиадаларының бағдарламасы­нан орын алған. Ал байрақ футбол мен сквош тұңғыш рет Лос-Анджелестегі төрт жылдықтың бәсе­ке­сінде ойналмақ.

Бөлісу:
Бағы жанған бес спорт түрі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар