Шахмат
1 мин оқу 220

Зерделілер турнирі – Жезқазғанда

<p style="text-align: justify;">Елімізде шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыруды көздейтін &laquo;Freedom Broker&raquo; компаниясының демеу&shy;шілігімен қолға алынған &laquo;Шахмат керуені&raquo; жобасы аясында Ұлытау облысының орталығы Жезқазғанда турнир өтті.</p>

Зерделілер турнирі – Жезқазғанда

Бұл турнирдің ерекшелігі қатысушылар жас ерекшелі­гі­не қарай бөлінбейді екен. Ірік­теуден өткен кез келген ойыншы турнирде бағын сынайды.

– Шахмат – қарапайым ғана спорт түрі емес, бұл ұлт­тың зияткерлік деңгейін кө­те­ретін үлкен құрал. Кейінгі жыл­­дары шахматшыларымыз ха­лықаралық деңгейде үл­кен жетістіктерге жетіп жүр. Де­генмен біз еліміздің алыс аудан­дары мен өңірлеріне де кө­ңіл бөлгіміз келеді. Осы қоз­ғалыс жолында қо­ғам мен билік өкілдерінің ат­са­лыс­­қанын қалаймыз, – дейді рес­­­публикалық шахмат феде­рация­сының вице-президенті Александр Бабенко.

Жезқазғанда өткен турнир­де 8-сынып оқушысы Сәлім­жан Сақбаев – 3-орын, құтқару саласының қызметкері Ал­мас Сармұрзаев 2-орынды иелен­ді. Ал 10 жасар Мақсат Бай­салбеков бәрінен де озық шық­ты. Бұлардың үшеуі де Түр­кістанда өтетін гранд-финалға жолдама алды.

– Кейінгі шахмат бай­қау­­ларына Ұлытау өңірінен 100-ден аса ойыншы қатысып жүр. Ішінде 5-6 жаттықтырушы бар. Облыс ретінде енді-енді дамып келе жатқандықтан, әлі де арамыздан жаңа шахматшылар мен республикалық, халықаралық деңгейде жар­қырайтын жұл­дыз­дар шығады. «Шахмат ке­руені» жобасының өлкемізге келуі жаңа серпін береді деп сенемін, – дейді федерацияның Ұлытау облысы бойынша атқарушы директоры Бағдат Байсалбеков.

Салтанатты іс-шара барысында республикалық шахмат федерациясының облыстық филиалы құрылып, оның төр­ағасы болып Ұлытау облысы әкі­мінің орынбасары Дастан Рыспеков сайланды.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
Зерделілер турнирі – Жезқазғанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар