Еңбек
1 мин оқу 220

Жылжымалы ғимараттар

<p style="text-align: justify;">Биыл жыл соңына дейін те&shy;мір&shy;жол&shy;шы&shy;лар&shy;дың демалуына арналған 100-ден астам жылжымалы ғи&shy;ма&shy;рат орнатылады. Олар тұр&shy;мыс&shy;қа қа&shy;жет бар&shy;лық жаб&shy;дықпен жа&shy;сақ&shy;тал&shy;ған.</p>

Жылжымалы ғимараттар

«Қазақстан темір жолы» қа­уіп­сіз еңбек жағдайларын қам­тамасыз ету мақсатымен жұ­мысы жолмен байланысты желілік кә­сіп­орындардың темір­жол­шы­ла­рының уақытша тұруы мен де­малуына жылжымалы ғима­раттар орнатып жатыр. Бұл жол­шы­лардың игілігі үшін жасалып жатыр.

Бүгінгі таңда магистралдық желінің Ақмола, Қостанай, Семей, Ақтөбе, Атырау бөлім­шелерінің жол шаруашылығы кә­сіп­орын­­да­рында 29 модульдік ғимарат орна­тылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде – 102, 2024 жылы 113 жылжымалы ғи­марат пайдалануға берілмекші.

Магистралдық желі дирекциясы кәсіп­орындарының қажет­ті­лі­гі­не қарай сыйым­ды­лығы 8-ден 10 адамға дейінгі модульдер орнатылуда.

Жылжымалы ғимараттарды мон­таждау қысқа мерзімде жүзеге асы­рылады. Орнату­дың қара­па­йым­дылығына қарамастан, барлық қажетті инженерлік коммуникация мо­бильді ғимаратқа қо­сылады. Сонымен қа­тар олар жи­һазбен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және қиын климаттық жағдайларда да теміржолшылардың жайлы тұруы үшін қажет басқа да заттармен жабдықталған.

Бөлісу:
Жылжымалы ғимараттар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар