Ауа райы
1 мин оқу 281

Еліміздің басым бөлігінде шуақты ауа райы сақталады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжамына сәйкес бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жел күшеюі мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде шуақты ауа райы сақталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар