Қазақстан
1 мин оқу 520

Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік тізімге тағы екі мереке күнін енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Кәсіби мерекелер тізбесі «Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан»; «Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі» тармақтарымен толықтырылсын», делінген құжатта.

Жобаның негіздемесінде көрсетілгендей, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы әуежайында Қазақстанда алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған. Бүгінде бұл салада 3 мыңнан астам маман қызмет етеді.

Осылайша жаңартылған тізімге сәйкес елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 53 болмақ. 

Бөлісу:
Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар