Аймақтар
1 мин оқу 260
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты
<p style="text-align: justify;">Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құтқарушыларға жаңа техникалардың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Министрліктің мәліметінше, техникалардың 7 данасы республикалық бюджет есебінен алынған. Ал қалған 12 техникаға қаржы жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін жеткізген.
Еске салайық, өткен жылы өңір басшысы төтенше жағдай қызметкерлеріне 9 өрт сөндіру техникасының кілтін табыстаған еді.
Бөлісу: