Аймақтар
1 мин оқу 1,120

БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

<p>БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жариялай алмайтыны айтылған.

Ауыл әкімдігі бұл отбасының тыныш болғанын, ешқандай есепте тұрмағанын мәлімдеді.

Бөлісу: