Журналистер түрік тілін тегін үйренеді

Алматыда Республика күні қарсаңында журналистерге арналған түрік тілінің тегін курстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобаны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Түрік тілін үйрену сабақтарының салтанатты басталуы Қазақстан Республикасы күніне және Түркия республикасының 100 жылдығына орайластырылған.
Іс-шараның ашылу салтанатына Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Эурен Мүдеррісоғлу, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлюр, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебай, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Эурен Мүдеррісоғлу қатысушыларды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.
«Түркия - Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған мемлекет. Содан бері мемлекеттеріміздің бауырластық байланыстары нығайып келеді. Бүгін түбі бір туыс елдер арасында тағы бір маңызды қадам жасалды., Тіл – халықтарды жақындастырады, жақын танып, терең түсінуге жол ашады», деді бас консул.
Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бэйлүр түрік тілін Түркиядан Алматыға арнайы келген оқытушылар үйрететінін атап өтті. Оның сөзінше, курсты «Alatau Aqparat» медиахолдингінің 20 қызметкері, сондай-ақ ҚР Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері оқиды.

Өз кезегінде «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы түрік тілін үйрену — 200 миллиондай халқы бар Түркі әлемінің қақпасын ашуға жақсы мүмкіндік екенін айтты. Жоба нәтижесінде журналистер Түркия және түркітілдес елдердің жетекші БАҚ-тарында тағылымдамадан өтіп, аталған елдерде ары қарай білімдерін жетілдіре алады.
Айта кетейік, мамыр айында «Alatau Aqparat»медиахолдингі мен Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді.
Журналистердің тіл оқуы аталған әріптестік құжаты шеңберінде жүзеге асырылды. Түрік тілінің толық курсы 6 деңгейден тұрады. Бір деңгей 80 академиялық сағатқа есептелген. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті лингвистикалық орталығының арнайы сертификаттары беріледі.