Хоккей
1 мин оқу 135

«Сочиден» басым түсті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың &laquo;Барысы&raquo; тұрақты біріншіліктің кезекті тур ойы&shy;нын Сочиде жергілікті &laquo;Сочи&raquo; клубымен өткізді.</p>

«Сочиден» басым түсті

Кейінгі үш турда сәтсіздікке ұшырап, жеңілістің кермек дәмін татқан жерлестеріміз төртінші матчта жанкүйерлерін қуанта алды. «Барыс» хоккейшілері сырт айдындағы ойындар сериясындағы екінші бәсекесін ҚХЛ-дің «Батыс» конференциясында алтыншы орында тұрған «Сочи» командасымен өткізіп, айдын иелерін 5:3 есебімен тізе бүктірді.

«Большой» спорт кешенінде өткен матч­та «Барыс» сапынан Понтус Оберг дубльдің авторы атанса, Кирилл Савицкий, Райли Барбер, Батырлан Муратов бір-бір мәртеден дәлдік танытты. Ал айдын иелерінен Матвей Мичков, Сергей Попов және «Барыстың» экс-қорғаушысы Джесси Грэм көзге түсті.

Бөлісу:
«Сочиден» басым түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар